2025 жылғы маусым · тамыз — желтоқсан

Halyk Tech Sprints 2025

Бірінші маусым мұрағаты: финтех-әзірлеу және банктің цифрлық трансформациясы туралы жеті митап

Бірінші маусым туралы

Halyk Tech Sprints-тің бірінші маусымы 2025 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін Алматыда өтті. Halyk Bank пен ұйымдастыру серіктесі Rocket Tech жеті митап өткізді: цифрлық сервистерді әзірлеу, жоғары жүктемелер, төлемдер, деректер базалары, үлкен деректер, BaaS және жасанды интеллект туралы.

Баяндамалардың жазбалары — YouTube-тағы плейлистерде, есептер — Digital Business мақалаларында (орыс тілінде). Сілтемелер — әр митаптың тұсында.

2026 жылдың мамырынан бастап екінші маусым жүріп жатыр — Halyk Tech Sprints: Level Up.

2025 жылғы 1 тамыз

Halyk DEV Meetup

Банктегі өнімдік архитектура және цифрлық сервистерді құру тәсілдері

Митап жоғары бәсекелестік пен тез өзгеріп жатқан нарық жағдайында цифрлық банктік өнімдердің қалай құрылатыны туралы болды.

Не туралы айттық

  • Ірі банкте цифрлық сервистерді әзірлеу қалай құрылған: құрылым, процестер, рөлдер
  • Monolith-тен Microservices-ке дейін: өзгеру мен даму кезеңдері
  • Design system + API-first: интерфейстерді қалай жобалаймыз
  • CI/CD енгізу мен Time-to-Market-ке ықпалы
  • Кейстер: өнімдік командалар инфрақұрылымдық тапсырмаларды қалай шешеді

Спикерлер

  • Айдос Бақтаев — Developer, Halyk SuperApp
  • Ильяс Сағымбеков
  • Ярослав Седышев — Developer, Onlinebank
  • Андрей Кирилов — TeamLead DevOps, Onlinebank
2025 жылғы 28 тамыз

Highload Fintech

Миллиондаған сұраныс түскенде банктің тұрақты жұмысын қалай қамтамасыз етуге болады

Цифрлық банкинг дегеніміз — миллиондаған транзакция мен әр секунд сайын сервистерге түсетін сұраныстар. Митапта финтех үшін масштабталатын инфрақұрылым құру стратегиялары мен экстремалды жүктемелерді көтеруге көмектесетін тәжірибелер талқыланды.

Не туралы айттық

  • Банктік жүктемелер жағдайында жоғары SLA жүйелерін құру принциптері
  • Фичаларды енгізу жылдамдығы мен платформаның тұрақтылығы арасындағы тепе-теңдік
  • Кейстер: ірі командалар мониторинг пен инцидент-менеджмент мәселелерін қалай шешеді

Спикерлер

  • Николай Сулимов — Halyk SuperApp департаменті директорының орынбасары
  • Кирилл Фролов — Инновациялық технологиялар департаменті директорының орынбасары, Halyk
  • Олег Ивакин — АТ инфрақұрылымы департаменті директорының орынбасары, Halyk
  • Алексей Калинников — Kazteleport басқарма төрағасының орынбасары
2025 жылғы 18 қыркүйек

Digital Payments Meetup

Төлем жүйелерінің ішкі жағы: қиындықтар мен индустрияның болашағы

Төлем жүйелерінің ішкі жұмысы — авторизацияның алғашқы қадамдарынан есеп айырысудың аяқталуына дейін. Митапта жоғары жүктемелі процессинг платформаларының қалай жұмыс істейтіні, инженерлер қандай сын-қатерлерге тап болатыны және индустрияның келесі кезеңін қандай инновациялар анықтайтыны талқыланды.

Не туралы айттық

  • Карталар адамдардың өмірін қалай өзгертті және нарықты қалай түрлендірді
  • Процессингтің өмірлік циклі: пайда болудан жаңа формаларға дейін
  • Қазақстандағы финтехтің дамуындағы Halyk-тің рөлі
  • Way4 жүйесінің «ішінде» не жасырынған
  • Төлемдердің сенімділігі қалай қамтамасыз етіледі

Спикерлер

  • Рафал Трэпка — Шығыс Еуропа елдері бойынша бизнесті дамыту жетекшісі, Mastercard
  • Виталий Тимошенко — OpenWay компаниясының бизнесті дамыту директоры
  • Алексей Арзамасов — Halyk Bank Банктік карталар департаментінің директоры
  • Нурсултан Курманов
  • Александр Литвин — Halyk Bank Банктік карталар департаменті директорының орынбасары
2025 жылғы 23 қазан

DBA Meetup

Деректер базасы, төзімділік және банк инфрақұрылымындағы масштаб туралы

Митапта банк деректерін сақтау архитектурасының қалай ұйымдастырылғаны, жүктеме кезінде тұрақтылықты қолдайтын технологиялар және өсу жағдайында жүйелерді оңтайландыру жолдары талқыланды.

Не туралы айттық

  • PostgreSQL vs Oracle: қайсысы және не үшін?
  • Шардтау және репликация — төзімділікке апаратын жол
  • Миграциялар жеңіл түрде: практикалық тәсілдер
  • Аналитикалық қоймаларға арналған инфрақұрылым
  • Сұраулар мен индекстерді оңтайландыру кейстері

Спикерлер

  • Александр Филатов — АТ инфрақұрылымы департаментінің директоры, Halyk Bank
  • Игорь Пехотский — Деректер базасын әкімшілендіру басқармасының бастығы, Halyk Bank
  • Олег Ивакин — АТ инфрақұрылымы департаменті директорының орынбасары, Halyk Bank
  • Zhang Limin — Solution Architect, YashanDB
2025 жылғы 7 қараша

Big Data Meetup

Деректер актив ретінде: сақтау, өңдеу, талдау — банктік экожүйе ауқымында

Митап банк ауқымындағы деректермен жұмысқа арналды: деректер қоймалары, self-service аналитика, нақты уақыттағы деректерге негізделген коммуникациялар және қаржы секторындағы Lakehouse тәжірибесі.

Не туралы айттық

  • Үлкен деректерді қалай бағындыруға болады
  • Data democratization және Self-Service BI
  • Big Data және real-time оқиғаларына негізделген коммуникациялар
  • Интерфейс арна ретінде: баннерден гипержекелендіруге дейін
  • Қаржы секторында Lakehouse қолдану тәжірибесі

Спикерлер

  • Мақсат Зекеев — Реляциялық деректер қоймасы басқармасының бастығы, Halyk Bank
  • Нұрсұлтан Жақаев — Реляциялық емес деректер қоймасы басқармасының бастығы, Halyk Bank
  • Жандос Шотан — Developer, Halyk Bank
  • Гелан Дайрабаев — Campaign Management басқармасының бастығы, Halyk Bank
  • Роман Савоськин — Сыртқы интеграциялар мен фронт арналары басқармасының бастығы, Halyk Bank
  • Павел Бабурин — Alphyn (Databorn) деректер платформасының сатуды қолдау бөлімінің жетекшісі
2025 жылғы 20 қараша

BaaS Ecosystems Meetup

Банктік платформаны құрамыз: API, white-label және серіктестік сценарийлер

Митап банктік платформаны сервис ретінде құруға арналды: ашықтық, масштаб және банк сыртқы әлемге API арқылы ұсына алатын мүмкіндіктер.

Не туралы айттық

  • BaaS және экожүйе
  • BaaS: серіктестерден қалай қорғануға болады
  • Halyk ID — серіктестердің сайттары мен қолданбаларына бірыңғай кіру
  • Fintech-SDK-ны өнім ретінде құру
  • Дизайн жүйесі

Спикерлер

  • Роман Третьяков — Экожүйелік өнімдер басқармасының басшысы, Halyk
  • Кирилл Фролов — Инновациялық технологиялар департаменті директорының орынбасары, Halyk
  • Бағдат Білісбек — Backend Developer, Halyk
  • Асқар Мустафин — Team Lead
  • Александр Сташков — Senior Product Designer
  • Павел Флёров — CPO, re:Kassa
2025 жылғы 11 желтоқсан

AI Meetup

Финтехтегі AI: автоматтандыру, смарт-өнімдер және клиенттік тәжірибе

Финтехтегі AI — клиенттік интерфейстен antifraud пен скорингтегі шешімдерге дейін.

Не туралы айттық

  • RAG дәлдігін арттыру әдістері
  • AI-жүйелерін дамытудағы негізгі бағыттар
  • Байланыс күші: графтық көріністер және графтар бойынша оқыту

Спикерлер

  • Алмас Нұрдәулетов — Halyk Chief Data Scientist кеңсесі департаментінің директоры
  • Бибарыс Мұсағалиев — Halyk Жасанды интеллект орталығының басшысы
  • Рамазан Айтқалиев — Team Lead, Halyk Жасанды интеллект орталығы
  • Данияр Мұса — Lead Data Scientist, Chief Data Scientist кеңсесі, Halyk
  • Мұхтар Бимұрат — Senior Data Scientist, Halyk
Rocket TechReady BankCore 24/7