Митап 2026 жылғы 22 шілдеде өтті

Ecosystem Meetup

Деректерден өнімге дейін: Halyk цифрлық экожүйесі қалай дамып жатыр

Митап туралы

Ecosystem Meetup барысында Halyk Bank сарапшылары мен шақырылған спикерлер Halyk цифрлық экожүйесінің қалай дамып жатқанын баяндады.

Нақты өнімдер мен кейстер негізінде командалардың деректермен қалай жұмыс істейтіні, өнімдік шешімдерді қалай қабылдайтыны, пайдаланушы тәжірибесін қалай жақсартатыны және күн сайын миллиондаған клиент пайдаланатын сервистерді қалай жасайтыны талқыланды.

Бұл митап — Halyk Tech Sprints: Level Up жаңа маусымының бір бөлігі. Бұл – тәжірибе алмасуға, индустриядағы нақты кейстер мен үздік тәжірибелерді талқылауға, сондай-ақ цифрлық өнімдер мен финтех-шешімдер саласындағы сараптаманы дамытуға арналған ашық алаң.

Не туралы айтылды?

  • Halyk цифрлық экожүйесі аясындағы өнімдерді құру және дамыту туралы;
  • Болжамға емес, деректерге сүйене отырып өнімдік шешімдер қабылдау туралы;
  • Пайдаланушылардың мінез-құлқын талдау цифрлық сервистерді дамытуға қалай ықпал ететіні туралы;
  • Экожүйедегі түрлі сервистер миллиондаған пайдаланушылардың нақты қажеттіліктерін қалай шешетіні туралы;
  • Финтех, цифрлық сервистер және өнімдік әзірлеу саласындағы тәжірибелік кейстер туралы.

Спикерлер

Нурбек ДабыржанулыНурбек
Дабыржанулы
Head of Product Kino.kz
Ману АвгоновМану
Авгонов
Head of Ecosystem
Радамир НасыровРадамир
Насыров
BaaS Core Басқарма Басшысы
Владислав СвиринВладислав
Свирин
IT бөлімінің бастығы, Халык Маркет
Максим ШевляковМаксим
Шевляков
IT Architect

Баяндамалар қысқаша

Нурбек Дабыржанулы: kino.kz-тегі өнімдік эксперименттер жүйесі

kino.kz командасы «маған солай көрінеді» деген шешімдерден data-driven мәдениетке қалай көшкенін айтты: оқиғалардың бірыңғай сөздігі, A/B-тесттерге арналған дашбордтар және Notion-дағы гипотезалар базасы. Түсім мен конверсия тұрақтылығы сияқты «қорғаныш» метрикалар өнімді сәтсіз өзгерістерден сақтайды.

Радамир Насыров: BaaS — таныс өнімдер ішіндегі банк

Bank-as-a-Service моделін түсіндірді: BaaS қабаты мен ашық API арқылы серіктестер — маркетплейстер, такси сервистері, МҚҰ — 2–3 аптада Halyk қаржы қызметтерін өз интерфейсіне өз процессингінсіз енгізе алады. Оның айтуынша, ең жақсы кіріктірілген сервис — көзге көрінбейтін сервис.

Владислав Свирин: Halyk Market-тің өз іздеу жүйесі

Halyk Market-тің бөгде іздеу жүйесінен Elasticsearch пен Java 21 негізіндегі өз жүйесіне көшуін талдады. Нәтижесіз сұраулардың үлесі 20,8%-дан 12%-ға төмендеді, ал жаңа бағалар мен тауарлар витринада нақты уақытқа жуық пайда болады. Көшу «үлкен жарылыссыз» — Strangler Fig паттерні арқылы өтті.

Максим Шевляков: Halyk Market фронтендін қайта құру

Halyk Market фронтенді мен монорепозиторийін толық қайта құру туралы айтты: ортақ ядро үстінде 22 тәуелсіз бизнес-модуль. Беттердің жүктелуі 6 секундтан 2–3 секундқа дейін жылдамдады, ал жаңа әзірлеушілердің онбордингі үш есе тездеді.

Ману Авгонов: экожүйе деректерден басталады

Клиенттердің мінез-құлқы туралы деректер Halyk Travel-да рәсімдеу воронкасын 8 қадамнан 6-ға қысқартып, конверсияны 7%-ға арттыруға қалай көмектескенін көрсетті. Мейрамханалардағы QR арқылы төлем есепшотты ұзақ күту мәселесін шешіп, броньдаудан адалдық бағдарламаларына дейінгі мейрамхана экожүйесінің кіру нүктесіне айналды.

Қысқаша мазмұны — Digital Business мақаласы бойынша.

Есептік материалдар

Спикерлердің баяндамаларын YouTube-тан қарау

BaaS, продуктовые эксперименты и архитектура экосистем: как прошёл третий митап Halyk Tech Sprints

Мақаланы оқу
Rocket TechReady BankCore 24/7